"Бір әйелді қарық қылып алайық": танымал әнші өзіне тоқал алуға қатысты ойын ашып айтты
Опубликовано:
Белгілі әнші Еркеш Хасен Қызық Times бағдарламасында қонақ болып, екінші әйел алуға қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші өзінің жаңа қарым-қатынастарға ашық еместігін айтты.
"Үйлендім. Қызым бар, құдайға шүкір. Тұңғышым бар. Ешқандай қарым-қатынас керек емес. Бір әйелді қарық қылып алайық. Бір әйелді бақытты қылып, аманттап алған соң, бақытты өмір сыйлаған дұрыс. Ондай ашкөз адам емеспін. Мүлде ондай ой жоқ", - деді Еркеш.
Айта кетелік, бұған дейін Еркеш Хасен әнші-актриса Айгүл Иманбаевамен болған қызықты оқиғаны бөліскен болатын.
Еркеш Хасен осыдан екі жыл бұрын Айгерім есімді арумен шаңырақ көтерді. Бүгінде олар бір қызды тәрбиелеп отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2022069-bir-aieldi-qaryq-qylyp-alaiyq-tanymal-ansi-ozine-toqal-aluga-qatysty-oiyn-asyp-aitty/