jitsu gif
Шоубиз

    "Ұят ештеңесі жоқ": күйеуінің арқасына мініп алған Жазира Байырбекова көпшілікті сүйсінтті (видео)

    Жазира Байырбекова жұбайымен
    Жазира Байырбекова жұбайымен. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

    Өнер әлеміндегі жұлдызды жұп Жазира мен Жанболаттың әлеуметтік желідегі видеосы қызу талқыға түсті. Әнші Жазира Байырбекова күйеуінің арқасына мінгізіп, арқалаған сәтін Instagram желісінде көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Ал енді не болды?", - деп жазды Жазира Байырбекова.

    Видеодан Жанболат Ербатыровтың жұбайы Жазира Байырбекованы арықтан аттап, көлікке дейін арқалап апарғанын байқауға болады.

    Ал желі қолданушылары жұлдызды жұптың бұл ісіне қолдау білдіріп, сүйсінгенін жасырмады.

    "Жарасымды жұп", "Ұят ештеңесі жоқ", "Күшті көрініс", "Арқаласа, өзінің әйелі ғой", "Керемет жұп", "Алла тіл-көзден сақтасын", - деп жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жазира Байырбекова ауылда тұратын туған әпкесін көпшілікке таныстырған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.