jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұл өсті деген осы": Айгүл Иманбаева ұлына келін іздеп жүргенін айтты (фото)

    Айгүл Иманбаева ұлымен
    Айгүл Иманбаева ұлымен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

    Отандық актриса, әнші Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанға жар болатын қыз іздеп жүр. Өнер иесі қазіргі таңда жүрген жерінде келін іздестіретінін Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Ұл өсті деген осы. Қазір жүрген жерде Әмина апам ("Тақиялы періште" фильмінің бас кейіпкері - ред.) секілді келін іздеп жүретін болдым. Бірақ, тақия киіп, Тайлақ болайын деп тұрған Асылжан жоқ. Менікі аналық тілек қой", - деп жазды Иманбаева.

    Сонымен қатар актриса болашақ келінінің бойынан көргісі келетін қасиеттерді атады.

    "Ибалы, инабатты, тәрбиелі, ақылды, дана, сұлу, мінезі көркем қызыңыз бар ма?", - деді Айгүл Иманбаева.

    Ал желі қолданушылары актрисаға арманындағы келін жолығуына тілектестігін білдірген.

    "Асылжанның бағы жансын", "Өзіңе ұқсаған бір сұлуға жолығар", "Ұлға келін іздей алады екенсің. Ал қызға "Тұрмысқа шық" дегеннен басқа сөз айта алмайды екенсің", "Ананың тілегі қабыл болсын", "Адал келін нәсіп етсін", "Ұлыңызды жақсы тәрбиелегенсіз, бақытына жолықсын", - деді желідегілер.

    Айта кетейік, Асылжан Әбдімүтәлиев - актриса Айгүл Иманбаева мен актер Сәбит Әбдіхалықовтың ортақ баласы.

    "Ұл өсті деген осы": Айгүл Иманбаева ұлына келін іздеп жүргенін айтты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.