jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Өзбекстанға ота жасатуға кеткен Жұлдызай Дүйсенбиева қазіргі жағдайын бөлісті

    Жұлдызай Дүйсенбиева актриса
    Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: Instagram/zhuldizay_duisenbieva

    Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жақында Өзбекстанда ота жасататынын айтқан болатын. Ал бүгін өнер иесі қазіргі жағдайын көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жайлы актриса Instagram парақшасында жазды.

    "Осы қошақанымның (қызының - ред.) несібесіне менде бәрі жақсы. Өзбек елінің ақ халаттылары ота жасамай, емдейтін болды.

    Емді бастадық. Шипа - Алладан", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

    Айта кетейік, былтырғы жылы көп адамда кездеспейтін сырқаты барын мәлім еткен болатын.

    "Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды. Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін", - деген болатын актриса.

    Ал жақында өнер иесі ота жасату үшін Өзбекстанға баратынын айтқан болатын.

    Сонымен қатар жақында желіде Жұлдызай Дүйсенбиеваның күйеуінен ажырасқаны жайлы ақпарат тарады. Kyn.kz сайтының мәліметінше, актрисаның күйеуімен ажырасуына қызынан кейін перзент дүниеге әкеле алмауы себеп болған.

    "Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы әке. Бірақ, бұл - өмір. Жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім. Алла ғұмыр берсін, әркім бақытты болуға лайықты. Ол да, мен де", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

    Өзбекстанға ота жасатуға кеткен Жұлдызай Дүйсенбиева қазіргі жағдайын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.