jitsu gif
Шоубиз

    "Енді жоламаймын дедім": актер Еркебұлан Тоқтар асабалықпен айналысқан кезін еске алды (видео)

    Еркебұлан Тоқтар
    Еркебұлан Тоқтар. Скриншот: Қызық live бағдарламасы

    Отандық танымал актер Еркебұлан Тоқтар Қызық live бағдарламасында асаба болған кезін еске алды. Алайда өнер иесі той жүргізуден бас тартқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "2018-2019 жылы жаңа жылдың қарсаңында ақшам жоқ, үйдегілерге сыйлық алу керек. "Жүргізуші боласың ба?" деген ұсыныс түсті.

    Бірақ, өте қиын болды. Ешкім тыңдамайды. Бәрі ішімдік ішіп алған. Әркім өзімен өзі отыр. "Қанекей, қошемет" десем, ешкім қарамайды. Содан кейін жоламаймын дедім. Қолдан келмейді екен. Бұл бұрынырақта, спортқа келмей тұрып болған", - деді Еркебұлан Тоқтар.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Еркебұлан Тоқтар жар таңдауда қыздарға қандай шарт қоятынын айтып, желіні шулатқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.