jitsu gif branding logo appbranding logo app

    53 жастағы Бақыт Шадаева жас көрінуінің құпиясын бөлісті

    Бақыт Шадаева
    Бақыт Шадаева. Фото: Instagram/bakhyt_shadayeva

    Отандық әнші Бақыт Шадаева жас көрінуінің құпиясын бөлісті. "Базарlike" бағдарламасына келген әнші өзінің тамақтануына көп көңіл бөлетінін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "53 жастан асып бара жатырмын. Ішіп-жеген тағамымды өте қатты қадағалап отырамын. Оның барлығы денсаулыққа байланысты. Отыздан асқасын денсаулығыңа көңіл бөлесің.

    Өйткені, халық алдына көп шығамыз, жауапкершілігіміз мол. Бізді бәрі әрдайым қадағалап жүреді. Бір жеріміз дұрыс болмаса, сын айтылады. Сын айтылмауы үшін біз өзімізге қараймыз. Менің байқауымша, көп нәрсе осы ішіп-жеген затыңа байланысты", - деді Бақыт Шадаева.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бақыт Шадаева өзінің екі рет күйеуге шығып, екеуімен де ажырасып кеткенін және тағы бір сүйіктісі түсініксіз жағдайда сотталғанын жеткізген болатын.

    53 жастағы Бақыт Шадаева жас көрінуінің құпиясын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.