jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Алматыда Бердібек Сапарбаевты соңғы сапарға шығарып салды (фото)

    Бердібек Сапарбаевты соңғы сапарға шығарып салу
    Бердібек Сапарбаевты соңғы сапарға шығарып салу. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Кеше мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бүгін Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында Бердібек Сапарбаевты соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет қайраткерін соңғы сапарға шығарып салуға оның әріптестері, таныстары, белсенділері, жанашыр азаматтар жиналды.

    Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Алматы әкімі Ерболат Досаев сөз сөйледі.

    "Бердібек Мәшбекұлы өз еңбегімен еліміздің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қай қызметте жүрсе де, халық мүддесі жолында бар ынтасымен еңбек етті. Оның ерен еңбегі мен жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады", – деді Әлихан Смайылов.

    "Бердібек Мәшбекұлы 45 жыл өмірін еліне, халқына адал қызмет етуге арнады. Бердібек Мәшбекұлының туған-туыстарына өз атымнан және барша алматылықтардың атынан көңіл айтамын", – деді Ерболат Досаев.

    Естеріңізге сала кетейік, Бердібек Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.