Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкердің жақындарына көңіл айтты
Жарияланған күні:

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Абай облысында өрттен қаза тапқан 14 қызметкердің жақындарына көңіл айтты. Қанат пен Света Айтпаевтар қайғылы қазаға Instagram желісінде ортақтасты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Шығыс Қазақстан, Абай облысында алапат орман өртінен 14 адам қаза тапты. Өте қайғылы, өте өкінішті жағдай. Еңбектеріне адал, асыл азаматтардың рухы пейіштің төрінде шалқысын. Отбасыларына, жақындарына көңіл айтамыз", - деп жазды Қанат пен Света Айтпаевтар.
Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайберген Абай облысында өрттен қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында 8 маусым күні Батпаев орман шаруашылығының аумағында ағаштар өртенді. Бастапқыда өрт 0,3 гектар аумақты шарпыған.
9 маусымда Абай ауданындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі штаб өртті сөндіруге қатысқан "Семей орманы" резерватының 14 орман шаруашылығы қызметкерінің байланысын тоқтатқанын хабарлады. Сол күні із-түзсіз жоғалған үш орманшының қаза тапқаны хабарланып, 11 адамды іздеу жұмыстары жалғасты.
Ал маусымның 10-ы күні кешке із-түзсіз жоғалған орман шаруашылығының қалған 11 қызметкерінің өлі күйінде табылғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2024417-dimas-qudaibergennin-ata-anasy-abai-oblysynda-ortten-qaza-tapqan-qyzmetkerdin-zaqyndaryna-konil-aitty/