jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жақында үйленген Нұрболат Қанайдың әйелімен түскен суреті желіге тарады (фото)

    Нұрболат Қанай жұбайымен
    Нұрболат Қанай жұбайымен. Фото: instagram.com/izimov_studio

    Көпшілікке Qanay лақап атымен танылған Нұрболат Қанай осыдан бірнеше күн бұрын мұсылманша некесін қидырып, келіншегін Жетісай өңірінен ұзатып алған болатын. Әлеуметтік желіде әншінің жұбайымен түскен суреті тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің келіншегімен түскен суретін фотостудияның бірі әлеуметтік желіге жариялаған. Осыдан соң Нұрболат Қанай бұл суретті өз парақшасына бөлісті.

    Желі қолданушылары әншінің жаңадан көтерген шаңырағына бар жақсылықты тілеп, лебізін білдірді.

    "Бақытты болыңыздар", "Жұбайыңыз сұлу екен", "Қандай жарасымды жұп", "Отбасыңызға бар жақсылықты тілеймін", "Бақытыңыз баянды болсын", - деп жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрболат Қанай көпшіліктен сүйінші сұрап, мұсылманша некесін қидырғанын бөліскен болатын.

    Осыдан кейін әншінің келіншегін Жетісай өңірінен ұзатып алғаны белгілі болды.

    Жақында үйленген Нұрболат Қанайдың әйелімен түскен суреті желіге тарады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.