"Ондайды көрмегенмін": Меруерт Түсіпбаева Сарыағашқа келін болған кезін еске алды
Жарияланған күні:

Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева Павлодардан Сарыағашқа келін болған кезін еске алды. "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында өнер иесі ұлының ата-әжесімен етене жақын араласпайтынын да атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мен Сарыағашқа келін болып түскен кезде ондайды көрмегенмін. Мен Павлодардан келгенмін. Жұбайым "Тұр, тұр, тұр. Таңғы 6-да тұрып, ауланы сыпырып, су себу керек" дейді. Мен "Ол ауланы таңертең сыпырдың не, түсте сыпырдың не, қандай айырмашылығы бар? Аула көшіп кетеді ме, қашып кетеді ме" деймін ғой. "Жоқ, көршілер қарайды. Көршілер жамайдайды" дейді.
Бірақ енді енем Құдайға шүкір. Біраз уақыт бірге тұрдық қой. Бірақ жас болғасын, салдыр-салақ болдық. Сол үшін мен ол кісінің ешнәрсесіне мән бермейтінмін.
Әжесі бар. Атасы мен әжесі бірге тұрмайды. Ұлым етене жақын араласады деп айта алмаймын. Етене жақын араласамыз деп айта алмаймын. Алыстан доспыз", - деді Меруерт Түсіпбаева.
Айта кетейік, осыған дейін Меруерт Түсіпбаева отбасы мен бұрынғы күйеуі жайлы жан сырын ақтарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2024541-ondaidy-kormegenmin-meruert-tusipbaeva-saryagasqa-kelin-bolgan-kezin-eske-aldy/