"Ұлымды ұстап қалдым": Нұрлан Еспанов ұлының шетелде оқитын қызға үйленуіне қарсы болғанын айтты
Жарияланған күні:

Отандық әнші Нұрлан Еспанов осыдан біраз уақыт бұрын ұлының үйленуіне қарсы болғанын айтып берді. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген әнші ұлы Олжас сол кезде таныстырған арудың шетелде оқу оқитынын атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бұрын-соңды кетіп қалатын қыз болғасын, "Бізді тастап қайда барасың" деп, ұлымды ұстап қалдым. Ол қыз басқа жақта, шетелде оқиды. "Бізді тастап қайда барасың? Біз не істейміз? Біздің үйде қыздар көп. Ол қыздардың бәрін мен игере алмаймын ғой. Сен кішкене тәрбие бермесең, мен үйде де болмаймын" дедім.
Мен үйге кірем, киім-кешегімді алам да, басқа жаққа ұшып кетем", - деді Нұрлан Еспанов.
Айта кетейік, былтырғы жылы Нұрлан Еспанов ұлына көлік алып берген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші әлеуметтік желіде өзін блогер деп таныстыруының себебін түсіндірді. Әнші ән әлемінен алыстамағанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2024704-ansi-nurlan-espanov-ulynyn-uilenuine-nege-qarsy-bolganyn-asyp-aitty/