jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Халыққа пайдам тиді деп айта алмаймын": Саят Медеуов басшылық қызметтен неге бас тартқанын айтты

    Саят Медеуов
    Саят Медеуов. Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888

    Отандық танымал әнші Саят Медеуовті осыдан біраз уақыт бұрын облыстық мәдениет басқармасына басшылық қызметке шақырған. Алайда өнер иесі бұл ұсыныстан бас тартқанын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Сізді облыстық мәдениет басқармасына басшылық қызметке шақырған, иә? Өзіңіз бас тарттыңыз", - деп сұрады.

    Ал әнші бұл ақпаратты растап, басшылық қызметтен бас тарту себебін түсіндірді.

    "Иә, ол баяғыда болған. Өзім бас тарттым. Көлеңкеде отырып алып, түзеу керек деп айту оңай ғой. Бәрін айтуын айтамыз. Бірақ сол жерге барғаннан кейін орындай аламыз ба? Айту оңай, орындау қиын", - деді Саят Медеуов.

    Сонымен қатар Саят Медеуов 2017 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайлануына қатысты да айта кетті.

    "Сол уақытта идеология бойынша сол жерге баруым керек болды. Сұмдық біздің қолдан келетін тірлік деп айта алмаймын. Мен бірнәрсе шештім, қарық қылдым деп айтпаймын. Оңай тірлік емес. Оған барғаннан кейін өнер де қалады. Сол тірлікпен басы бүтін айналысу керек. Сондықтан бізге болмайтын сияқты.

    Кешірім сұраймын. Бірақ ол жерде халыққа пайдам тиді, керемет қылдым деп айта алмаймын. Депутаттыққа "Жастар жағына осы тірлікпен келсең, дұрыс болар еді" деген өтінішпен бардым", - деп ағынан жарылды Саят Медеуов.

    "Халыққа пайдам тиді деп айта алмаймын": Саят Медеуов басшылық қызметтен неге бас тартқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.