jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Жыным келетін": Әсел Сәдуақасова басы бос кезінде ғашықтарды көргенде қандай сезімді бастан кешіргенін жасырмай айтты

    Әсел Сәдуақасова
    Әсел Сәдуақасова. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

    Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова Instagram-дағы Stories-те көпшілікке басы бос кезінде ғашықтарға қалай қарағанын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мен Балиде өмір сүргенімде қатты қарым-қатынаста болғым келетін және бүкіл жерде ғашықтар мен жұптарды кездестіретінмін. Шынымды айтсам, оларға жыным келетін", - деді актриса.

    Алайда актриса құрбысының кеңесінен кейін айналаға басқаша қарай бастаған.

    "Құрбым "жолыңда жиі ғашықтарды кездестіріп жүргенің үшін қайта рахмет айтуың керек. Демек сен де көп ұзамай ғашығыңды кездестіресің дегенді білдіреді. Бастысы басқалардың бақыты үшін қуану керек. Ол махаббатқа лайықсың ба деген сынақ" деді", - деп жалғастырды Әсел.

    Әселдің айтуынша, ол ғашықтарға деген көз қарасын өзгерткеннен кейін өзі де көп ұзамай шын махаббатқа кенелген.

    Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде тұрмысқа шықпай қалу қорқынышынан қалай арылғаны туралы айтқанын жазған едік.

    "Жыным келетін": Әсел Сәдуақасова басы бос кезінде ғашықтарды көргенде қандай сезімді бастан кешіргенін жасырмай айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.