jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Олар алдыма қайта келді": Қайрат Нұртас еліміздегі танымал театр өкілінің анасына ауыр сөз айтқанын мәлімдеді

    Қайрат Нұртастың фотосуреті
    Қайрат Нұртас. Фото: instagram/kair_n

    Әнші Қайрат Нұртас концерттерге қатысу үшін анасымен бірге танымал театрлардың кешіне билет сатқан. Бұл туралы "Көп-Культура" подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    "Жақында маған бір інім келді. "Аға, сізбен дуэт айтқанша мен қаншама өнер адамдарына бардым", - дейді. "Менің көзімше мені мақтама", - дедім. Мені мақтаса, қасында ыңғайсызданамын.

    Біреуі былай қашты, біреуі былай қашты. Менсінбеді. Сол кезде анам шырылдап, мені әр жаққа алып барып, кештеріне қатыстырғысы келіп, театрларға қатыстырғысы келіп, билеттерін сататын. Ол кезде мама екеуміз Тастақта кеңсе тауарларын сатамыз. Мен шаурма сатамын. Билеттерін өткізіп, бір концертке қатысайық дегенбіз. Менің анама бір кісі қатты ауыр сөздер айтты.

    Бұл сәт менің есімде қалып кетті. Ұрайын десем, әлім келмейді. Кішкентаймын. Бірақ сол қайта келді алдыма. Сол театр маған он рет қоңырау шалды. "Біздің театрға қатысып берші, біздің кешімізге қатысып берді", - деді. Мен не дедім? Үндемедім. Жай ғана бармайтынымды айттым.

    Мен сол театрда әлі ән айтқан емеспін. Егер өздеріңіз көрсеңіздер, түсінесіздер", - деді Қайрат Нұртас.

    "Олар алдыма қайта келді": Қайрат Нұртас еліміздегі танымал театр өкілінің анасына ауыр сөз айтқанын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.