jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Менен үлгі алмаңыз": Фариза Ескермес өзі секілді арық болғысы келетін аруларға ескерту жасады (фото)

    Фариза Ескермес
    Фариза Ескермес. Фото: instagram.com/fariza_yeskermes

    Отандық актриса Фариза Ескермес өзі секілді арық болғысы келетін қыздарға құпиясын бөлісті. Өнер иесі бойжеткендерді өзінен үлгі алмауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актриса Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген.

    Желі қолданушысы Фариза Ескерместен "Сіз секілді сымбатты болғым келеді. Құпияңызбен бөлісіңізші", - деп сұраған.

    Ал өнер иесі бойжеткендерге арық болудың қандай қиыншылықтары жайлы бөлісті.

    "Достар, менен үлгі алмаңдаңыздар. Мен өте арықпын, бірақ денсаулығым сыр беріп жүр. Шашым қатты түсіп жатыр. Тәбетім жоқ. Бұл жақсы нәрсе емес. Қазір ағзамдағы темір жетіспеушілігін қалыпқа келтіру үшін дәрі ішіп жүрмін.

    Сондықтан сымбатты мүсін денсаулығың жақсы дегенді білдірмейді. Өз қалпыңызды қабылдаңыз. Спортпен айналысыңыз, пайдалы тағам жеңіз, өмірдің рахатын сезініңіз", - деп жауап берді Фариза Ескермес.

    Айта кетейік, осыған дейін актриса ғашығының өзге ұлттан екенін айтып, оны көпшілікке таныстырған еді.

    Фариза Ескермес сторис
    Фариза Ескермес сторис. Скриншот: instagram.com/fariza_yeskermes

    "Менен үлгі алмаңыз": Фариза Ескермес өзі секілді арық болғысы келетін аруларға ескерту жасады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.