jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Домбыраның сүйемелдеуімен ешкім естімеген": әйгілі Джеки Чан қазақтың ұлттық аспабына қосылып ән айтты (видео)

    Джеки Чан домбырашымен
    Джеки Чан домбырашымен бірге ән шырқап отыр. Видеодан кадр: instagram.com/news.qaz

    Желіде әйгілі актер, каскадер, кинорежиссер Джеки Чан домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқаған видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

    "Бұл әнді әр түрлі концерттерде тыңдап жүрген шығарсыздар. Бірақ домбыраның сүйемелдеуімен ешкім естімеген болуы керек. Бүгін мен сіздерге "Нағыз қаһармандарды" домбырамен айтып берейін", - дейді Джеки Чан видеода.

    Агенттік мәліметінше, бұл видео қай жерде, қашан түсірілгені белгісіз.

    Жақында ғана Джеки Чан Қытайдың Іле Қазақ автономиялық облысының Моңғолкүре ауданында "Тұлпар" халықаралық туризм мерекесіне келіп, сонда өнер көрсеткен болатын.

    "Қытайлық актердің домбырамен айтқан бұл әні осы туристік фестивальға келген кезде орындалған болуы мүмкін", - деп жазады ақпараттық агенттік.

    "Домбыраның сүйемелдеуімен ешкім естімеген": әйгілі Джеки Чан қазақтың ұлттық аспабына қосылып ән айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.