jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Танымал отандық блогерлер үшінші сәбиіне гендер-пати жасады (видео)

    Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева
    Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева. Фото: instagram.com/oksukpaevak

    Әлеуметтік желіде танымалдыққа ие болған отандық вайнерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның үшінші сәбиі дүниеге келмек. Жұбайлар гендер-пати жасап, Instagram желісінде болашақ сәбидің жынысын анықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Кім тура тапты", - деп жазды Карина Оксукпаева.

    Видеода блогер отбасының жақындарын жинап, гендер-пати жасағанын көруге болады.

    Ал кейінірек жұлдызды жұп үшінші нәрестенің де ұл бала болатынын анықтады.

    Ал желі қолданушылары Карина мен Арманға ақ тілегін жаудырып, пікір қалдырды.

    "Бақытты болыңыздар", "Мен білгенмін", "Соңғы сәтке дейін қыз болады деп ойладым", "Төртіншісі қыз болады енді", "Құттықтаймыз", "Аман-есен босанып алыңыз", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева бүгінгі таңда екі ұл тәрбиелеп отыр.

    Танымал отандық блогерлер үшінші сәбиіне гендер-пати жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.