jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әйелімен қол ұстасып серуендеген Абай Бегей көпшіліктің қызу талқысына түсті (видео)

    Абай Бегей
    Абай Бегей. Скриншот: instagram.com/fari___za____zhan

    Әнші Абай Бегей мен жұбайы Фаризаның қол ұстасып серуендеген сәті желіге тарады. Жеті балалы өнер иесінің видеосын әйелі Instagram парақшасына жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеодан Абай Бегей мен әйелінің күн батар сәтті тамашалап, қол ұстасып серуендеп жүргенін көруге болады.

    Желі қолданушылары әнші мен жұбайының бұл видеосын қызу талқыға салып, түрлі пікір қалдырған.

    "Төрт баланы бауырына басып, шаңыраққа жылуын төккені үшін Абай Фаризаны төбесіне көтерсе де болады", "Бірінші әйелін тез ұмытыпты", "Неге жаман сөз жазасыздар? Адам тағдырын тілеп алмайды", "Фаризаның жүрегінде нұры бар", "Абай Бегей жас әйел алып, жасарып кетіпті", "Бала-шағаның қызығын көріңдер", "Маған ұнайды", "Жарасымды жұп", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, әнші Абай Бегейдің биыл жетінші перзенті өмірге келді. Өнер иесі келіншегі мен ұлын перзентханадан дүркіретіп шығарып алған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.