jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Аман-есен босанып ал": желіде аяғы ауыр Жанар Дұғалованың видеосы тарады

    Жанар Дұғалова
    Жанар Дұғалова. Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

    Биыл көктемде тұрмысқа шыққан танымал әнші Жанар Дұғалова сәби күтіп жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жанар Дұғалованың Алматыда өткен концертте "Ізін көрем" әнін айтқан видеосы TikTok желісінде тарады. Бейнежазбадан әншінің аяғы ауыр екенін көруге болады.

    Видеоны көрген желі қолданушылары әнші жүкті болса да, барын салып ән айтып жатқанына таңданысын жасыра алмаған.

    "Әнді айтсаң, жаныңды жеп айт" деген осы кісіге арналған сияқты. Энергиясын, харизмасын экранның ар жағынан отырып сезінесің ғой", "Энергиясын жоғалтпапты, 38 апта болған біз әрең жрміз", "Мықты қыз, жасандылығы жоқ. Аман-есен босанып ал, Жанар", - деп жазуда көпшілік.

    Еске сала кетсек, әнші Жанар Дұғалова биыл наурыз айында ұзатылған болатын. Араға жеті күн салып, қос ғашық үйлену тойын дүркіретіп өткізген еді.

    "Аман-есен босанып ал": желіде аяғы ауыр Жанар Дұғалованың видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.