jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Артқа үңілмеймін": Наркенже Серікбаева бірінші күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтты

    Наркенже Серікбаева
    Наркенже Серікбаева. Фото: instagram/narkenjeserikbaeva

    Танымал термеші әрі эстрада әншісі Наркенже Серікбаева алғашқы некесінің сәтсіз болғанын айтты. Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әншінің айтуынша, ол тұрмысқа тым жас шыққан.

    "Тағдыр ғой ол. 17 жасар қызбын. Ақыл тоқтатпаған... Екі жақ бірдей демеп отырса, қазіргі жастар да ажыраспас. Мен өте ерке болдым. Он бірдің кенжесі, әкемнің қызы болғанмын. Анам бір-ақ рет ұрған. Онда да ұршығының жібін үзіп тастаған кезде. Әпкелерім, ағаларым ұрмаған. Еркелік қой таза... Ол жақ та демеп: "Ол саған қатын болмайды", - дегеннен гөрі, қосып жіберсе, тағдыр басқа болар еді. Менің бір жақсы қасиетім бар. Артқа үңілмеймін. Бәрі менің алдымда", - деді Наркенже Серікбаева.

    Сондай-ақ әнші қазіргі күйеуін Алладан сұрап алғанын айтты.

    "Қазіргі жолдасым Аллаға шүкір. Мен шынымен Алладан сұрадым. "Жақсы ер азамат сыйлашы. Мүмкін аманатыңа қиянат жасап жүрген шығармын. Бір ер азамат сыйлашы, алақаныма салып көрейін", - дедім. Мүлдем ұрыспаймын деп айта алмаймын, кейде болады", - деді әнші.

    "Артқа үңілмеймін": Наркенже Серікбаева бірінші күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.