jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Істеген қателіктеріме өкінемін": Наркенже Серікбаева тік мінезі үшін таяқ жеген кездерін еске алды

    Наркенже Серікбаева
    Наркенже Серікбаева. Фото: instagram/narkenjeserikbaeva

    Әнші Наркенже Серікбаева өзінің тік мінезді екенін айтты. Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мен тіке сөйлейтін, бетіме қарап ешкімді сөйлетпейтін қыз едім. Ол мінезім қазір де бар. Бірақ сабыр сақтауға тырысамын.

    Өжет қыз едім. "Болмайды" деген нәрсе жоқ мен үшін. Осы мінездің арқасында талай таяқ жедім. Бірақ өзің түзелуің керек. Өзің түзелмей, Алла түзесе қиын болады. Аяғың аспаннан келеді.

    Жүрегім нәзік адаммын. Біреу бетіме қарап: "Жаным, не болды?", - десе жылап қаламын. Бірақ Алла мені басқа Наркенже қылды. Айналама, бауырларыма, анама қарайласа бастаған соң, бәрі реттелді.

    Кезіндегі істеген қателіктеріме іштей өкінемін. Анам үнемі: "Айтып жүрген термеңе сай бол" дейтін", - деді әнші.

    Айта кетелік, бұған дейін әнші өзінің өте ерке болып өскенін жеткізген еді.

    "Істеген қателіктеріме өкінемін": Наркенже Серікбаева тік мінезі үшін таяқ жеген кездерін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.