jitsu gif
Шоубиз

    "Жүрегі сұлу келінім": ортаншы келінін туған күнімен құттықтаған Нұртас Айдарбеков елді сүйсінтті (фото)

    Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова
    Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

    Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желіде ортаншы келінін туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесінің келіні Әйгерімге арнаған ақ тілегі желі қолданушыларын бей-жай қалдырмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Құлыным сол! Туған күнің құтты болсын. Мен үшін дәл осы қалпыңда, жүрегі ең сұлу келінімсің. Алла екі дүниенің бақытын жазсын", - деп жазды Нұртас Айдарбеков Instagram парақшасында келініне арнаған тілегін.

    Ал бұл жазбаға Әйгерім Саркенова да жауап қайтарып, қайын атасына алғыс білдірді.

    "Рахмет, папа", - деп жазды Әйгерім.

    Желі қолданушылары да Нұртас Айдарбековтің бұл жазбасына пікір білдірді.

    "Қайын атасының мұндай баға беруі - ең үлкен бақыт шығар", "Көз тимесін", "Бізге де Әйгерімдей келін бұйырсын", "Керемет құттықтау. Қызғанатындай екен", "Осы келіні тәрбиелі", "Аян екеуі бақытты ғұмыр кешсін", - деп жазды желідегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.