jitsu gif
Шоубиз

    "Айына 2 млн теңге төлеймін": танымал блогер NNN жалдамалы пәтерде тұратынын айтты

    блогер NNN
    Нұрдәулет Бектұрсын. Скриншот: "Taboo" бағдарламасы

    Көпшілікке NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бектұрсын жалдамалы пәтерде тұратынын айтты. Ол "Мархабат" бағдарламасында ай сайын пәтерге 2 млн теңге төлейтінін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Айына 2 млн теңге төлеймін. Алдында 6 млн теңге деп айттым, ол үш айға төленді. Қазір тұрып жатқан үйім 500 мың доллар тұратын үй. Мен 500 мың доллар тұратын үйді сатып алғанша, ол ақшаны өзіме инвестицияға құяйын. Кәдімгі үлкен пәтер. Өз үйімді саттым.

    Бәріне "Үйіңді сатып, 2 млн теңгелік пәтерге шық" деп айтпаймын. Ақшам болмаса, пәтерден шығарып жіберуі мүмкін. Мен өзіме сенемін. Өзімнің кәсібімді білемін. Сондықтан соған инвестиция жасаймын", - деді Нұрдәулет Бектұрсын.

    Айта кетейік, осыған дейін Нұрдәулет Бектұрсын жаяу жеткізу қызметін атқаратын орта жастағы азаматқа мопед сыйлаған болатын.

    "Айына 2 млн теңге төлеймін": танымал блогер NNN жалдамалы пәтерде тұратынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.