jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Жұғысты болсын": актриса Анар Батырхан су жаңа пәтер алды (видео)

    Анар Батырхан
    Анар Батырхан. Фото: instagram.com/anarabatyrkhan

    Актриса Анар Батырхан пәтер сатып алғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі қуанышын Instagram парақшасында бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Құттықтап қойсаңыздар болады. Анар қыздарыңыз үйлі болды. Аллаға сансыз шүкір! Сіздерге де жұғысты болсын", - деп жазды Анар Батырхан.

    Актриса парақшасында пәтер сатып алған тұрғын үй кешенін және үйінің кілтін көрсеткен.

    Ал желі қолданушылары актрисаның қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді.

    "Құтты болсын", "Берекелі үй болсын", "Бізге де жұғысты болсын", "Керемет жаңалық", "Іші қуанышқа толы болсын", - деп жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Анар Батырхан қашан және қандай жігітке тұрмысқа шыққысы келетінін айтқан болатын.

    "Жұғысты болсын": актриса Анар Батырхан су жаңа пәтер алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.