jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Мақпал Исабекованың әкесі өмірден өтті (видео)

    Мақпал Исабекова
    Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

    Әнші Мақпал Исабекованың әкесі осыдан он күн бұрын өмірден өткен. Өнер иесі Instagram парақшасында марқұм әкесі жайлы жантебірентерлік жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әнші парақшасында әкесімен түскен суреттерді көпшілікке бөлісті.

    "Міне, сенсіз он күн өтті. Сен өмір бойы жанымда едің, қазір сағымға айналдың. Біз мұндайға дайын сияқты едік. Алайда, ол мүмкін емес екен. Сен жайлы ойласам, кеудеме өксік тығылады. Ұлымның алдында жыламауға тырысамын. "Алға, қызым" деген сөзіңмен үнемі қолдап, қорған болатын едің. Мен өзімді жалғыз сезінемін. Алыста болсаңдар да, сендердің бар екендеріңді білетін едім. Енді үнемі хабарласып, бірнәрсе сұрап, жауабын естіместен өзіңнің әңгімеңді айтпайсың. Сенімен сөйлескенде, оның соңғы екенін білмеппін.

    Сен кетпеуімді өтіндің. Алайда сені тыңдамадым. Қайта келіп үлгеремін деп ойлайдым. Бірақ үлгермейтінімді санаммен сезініп едім. Әкемнен соңғы рет "Саған ризамын, қызым", "Құдай бере салған күнім", "Қайда жүрсеңдер де, аман жүріңдер", "Мықты бол" деген сөздерді естідім. Әкешім, орыныңның бөлек екенін неге кеткеніңде ғана біліп отырмын, қайран өмір-ай?! Жаныңның қалай қиналғанын бір Алла мен өзің ғана білетін шығарсың.

    Әкешім, асқар тауым, мәңгі мекеніңе қайттың. Қанша жыласақ та, өмір ағысына көніп отырмыз. Амал қанша? Жаның жәннатта болсын, иманың саламат болсын", - деп жазды Мақпал Исабекова.

    Желі қолданушылары әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

    "Жаны жәннатта болсын", "Бақұл болсын", "Әкенің орнын ешкім баса алмайды", "Қайғыңызға ортақпын", - деп жазды желідегілер.

    Әнші Мақпал Исабекованың әкесі өмірден өтті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.