jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Актриса Гүлжамал Қазақбаева шетелге тұрмысқа шыққан туған қызымен 13 жылдан кейін кездесті

    Гүлжамал Қазақбаева қызымен
    Гүлжамал Қазақбаева қызымен. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

    Қазақстанның еңбек сіңірген әртіс, актриса Гүлжамал Қазақбаева туған қызын 13 жыл көрмеген. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында Мароккоға тұрмысқа шыққан қызы Ләззатпен қауышты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Актрисаның айтуынша, қызы Ләззатты көрмегеніне он жылдан асқан.

    "Мен алғашында қатты сағынатынмын, қиналатынмын. Кейін келінім қызымнан кем болмады. Өмірде көрген қиындығым болсын, басқасы болсын, тәубе деймін. Қызымды көрмегеніме он жылдан асты. Олар Қазақстанға 13 жыл бұрын келді.

    Пандемияның алдында маған шақырту жіберген. Бірақ шекара жабылып, кездесу тағы да қалып кетті. Сағыныш деген - жақсы да, қиын да сезім", - дейді Гүлжамал Қазақбаева.

    Бағдарлама барысында актрисаның қызы Ләззат бір құшақ гүл алып, студияға кіріп келеді.

    Ал туған қызын көрген Гүлжамал Қазақбаева көз жасына ерік берді.

    Актриса Гүлжамал Қазақбаева шетелге тұрмысқа шыққан туған қызымен 13 жылдан кейін кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.