Отандық әнші Yenlik ұзатылды (фото)
Опубликовано:
Көпшілікке Yenlik есімімен танымал әнші Еңлік Құрарбек ұзатылды. Бұл туралы әнші Роза Әлқожа , Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші Yenlik-ті Роза Әлқожа ұзатқан.
"Бақытты бол! Барған жеріңе тастай батып, судай сің", - деп жазды Роза Әлқожа. Сонымен қатар әнші ұзату сәтінің суретін желіде оқырмандарына бөлісті.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, Yenlik-тің таңдауы Таңатар есімді оператор-фотограф жігітке түскен. Ол Шымкент өңірінің тумасы.
Айта кетейік, желіге тараған видеоларға сүйенсек, Кенжебек Нұрдолдай пен ARO өнер көрсетіп, Ақболат Өтебай ұзату тойын жүргізген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2039129-otandyq-ansi-yenlik-uzatyldy-foto/