jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Шубасыз баруға ұялмайсың ба": Жазира Байырбекова "норка шубадан" бас тартқанын айтты

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Скриншот: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

    Әнші Жазира Байырбекова "норка шуба" киюден толыққанды бас тартқан. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында бұлай жасауына екі себеп бар екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Кей құрбыларым "Неге олай жасадың? Қандай жерде өнер көрсетесің? Ол жерге қалай шубасыз баруға ұялмайсың ба?" деді. Мен қалауым сол екенін айттым. Бұл жерде біріншіден, жануардың терісін тірідей сыпырып жасайтыны үшін.

    Екіншіден, шубаға (қаракүзен тоны - ред.) қолы жетпейтін отбасылар көп. Сол шуба үшін келіспей қалып жатқан отбасы көп. "Менің ата-анама шуба кигізбедің" деген секілді ұрыс-керіс көп екен. Шуба үшін ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар бар екен. Бір жағынан шубасыз өмір сүретінін кемі он адамға көрсеткім келді", - деді Жазира Байырбекова.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жазира Байырбекова ұлы жақсы көрмеген қызбен қосыла жылаған кезін еске алған болатын.

    "Шубасыз баруға ұялмайсың ба": Жазира Байырбекова "норка шубадан" бас тартқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.