jitsu gif
Шоубиз

    "Жаңа келінге": Гүлзира Айдарбекова келін алуға қызу дайындық бастап кеткенін айтты (фото)

    Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі
    Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

    Гүлзира Айдарбекова жақында кіші ұлы Заңғардың "тәтті шайын" өткізген болатын. Болашақ құдаларымен танысқан продюсер келін түсіруге дайындық бастап кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Жаңа келінге барлығын жаңадан алдық. Дайындалып жатырмыз. Қара қазан алдым. Жалпы үйдегі қазанды біреуге беруге, тастап кетуге болмайды.

    Жіңішке ғана келінге орташа оқтау алдық. Тойдың болатынынан боладысы қызық. Дайындық басталды", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында.

    Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар көпшілікке жаңа сүйіктісін таныстырған болатын.

    Ал осыдан кейін продюсердің күйеуі Нұртас Айдарбеков ұлының "тәтті шайы" өткенін және болашақ құдаларының оңтүстіктен екенін айтқан болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, Заңғар Нұртас осыдан бір жыл бұрын ажырасты.

    Гүлзира Айдарбекова сторис
    Гүлзира Айдарбекова сторис. Скриншот: instagram.com/gulziraaidarbekova

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.