jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Қайрат Мырзаханов көпшілікке алғаш рет отбасын көрсетті (фото)

    Қайрат Мырзаханов әйелімен
    Қайрат Мырзаханов әйелімен. Фото: instagram.com/kairat_myrzahanov

    "Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов көпшілікке алғаш рет отбасын көрсетті. "Қызықты weekend" бағдарламасында өнер иесінің жұбайы өзі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің айтуынша, олардың бүгінде төрт ұлы бар.

    "1989 жылы Балқаш ауданында туып өстім. Әкем - қарапайым жұмысшы. Анам - бухгалтер болып қызмет атқарды. Үйде үш ағайындымыз. Қайрат екеуіміздің үйленгенімізге 11 жыл болды. Тұрмыс құрғалы Алматыға келіп, үй салып, осы жақта тұрып жатырмыз. Туризм мамандығын бітіргенмін.

    Қайрат екеуіміз 2012 жылы таныстық. Ол кісі маған әлеуметтік желіге жазады. Мен жауап бермегенмін. Бірақ әнші екенін білмедім. Сосын барып әнші екенін айтты", - деді әншінің жұбайы Шолпан Мырзаханова.

    Қайрат Мырзаханов отбасымен
    Қайрат Мырзаханов отбасымен. Видеодан кадр: "Қызықты weekend" бағдарламасы

    Сонымен қатар әнші Қайрат Мырзаханов әйеліне танысқаннан кейін екі айдан соң үйленуге ұсыныс білдіргенін айтты.

    "Бірден екі ай өткенде ұсыныс жасадым ғой. Ең үлкенім Әбубәкір 2013 жылы өмірге келді. Одан кейін қызым - Хадиша. Қызым менің көшірмем. Ұлым футболға, қызым тенниске барады. Үшінші балам - Омартай", - деді Қайрат Мырзаханов.

    Айта кетейік, әншінің кенже ұлының есімі - Осман.

    Әнші Қайрат Мырзаханов көпшілікке алғаш рет отбасын көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.