jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Бәсе" YouTube арнасының авторларына іздеу жарияланды

    Наталья мен Айдос Садықовтар
    Наталья мен Айдос Садықовтар. Фото: qamqor.gov.kz/criminals

    "Бәсе" YouTube арнасының авторлары ерлі-зайыпты Айдос пен Наталья Садықовтарға іздеу жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

    Айдос пен Наталья Садықовтарға іздеу жарияланғаны туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында "Қылмыскерлерді іздестіру" бөлімінде пайда болды.

    1968 жылы туған Айдос Жандосұлы Садықовқа және 1984 жылы туған Наталья Сергейқызы Садықоваға қатысты іс елорданың Алматы ауданындағы полиция басқармасында тіркелген.

    Ерлі-зайыптыға 2023 жылғы 23 қазанда іздеу жарияланды. Істі қозғаушы - Ішкі істер министрлігі.

    Іздеу жарияланды
    Фото: qamqor.gov.kz/criminals

    Айта кетейік, "Бәсе" каналы 2014 жылы құрылған. Каналға бір миллионға жуық адам жазылып, 2 мыңнан астам видео жарияланған. "Елі" деген жерде Украина деп көрсетілген.

    "Бәсе" YouTube арнасының авторларына іздеу жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.