jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Уақыт өтіп кетті": Мадина Сәдуақасова неге ән шығармай кеткенін айтты

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram / @sadvakasovamadina

    Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова жақында су жаңа әні жарыққа шығатынын хабарлады. Шығармашылық тобын ауыстырған әнші бүгінде заманауи бағытқа ауысқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Сәдуақасова "Таңшолпан" бағдарламасында қонақта болып, өз шығармашлығындағы жаңалығын бөлісті. Өнер иесі неге үзақ уақыт бойы ән шығармай кеткенін түсіндірді.

    "Жаңа әнімнің шығуына екі күн қалды. Мен ән шығармай кеткеніме көп уақыт болды. Жарты жылдан да көп. Ол мен үшін өте көп. Ізденіс болды. Өз әнімді іздеп, ойланып жүргенде уақыт өтіп кетті. Сосын осы "No Problem" әнін естігенде шынымен проблема болмаса екен деп ойлап қалдым. Қазір көбінесе жастар кішкентай мәселені үлкен проблемаға айналдырып жібереді. Кейін оның мәселе емес, өмірдің бір кезеңі екенін түсінесің. Енді екі күн қалды. Өзім де әнімнің шығуын тағатсыздана күтудемін. Кішігірім "mood video" түсірдік. Қазір бейнебаян түсірмейді екен", - деді Сәдуақасова.

    Эстрада жұлдызы бүгінде қасындағы командасын ауыстырғанын айтты. Сөзінше, ол барлығын жастарға сеніп тапсырған.

    "Қасыма өнерлі жастарды шақырып алдым. Не істесек те, бәріне дайынмын дедім. Шығармашылықта заманауи бағытқа қарай бет алдық. Бірақ көрермен қалыпты Мадинаны іздеп қалса, табыламын", - деді әнші.

    "Уақыт өтіп кетті": Мадина Сәдуақасова неге ән шығармай кеткенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.