jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бала қарап қалам": Роза Рымбаева құрдастарының немереге деген махаббаты өтірік деп ойлағанын айтты

    Роза Рымбаева немересімен
    Роза Рымбаева немересімен. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

    Әнші Роза Рымбаева биыл алғаш рет немерелі болды. Өнер иесі "Мархабат" бағдарламасында осыған дейін немересі бар құрдастарын түсінбегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Біздің жасымыз 70-ке келіп қалды ғой. Құрдастарымның кейбірінде үш-төрт немере бар. Кейбірінде шөбере бар. Неге немере дей бересің дейтінмін. Ол сенің балаң емес, ол балаңның баласы деуші едім. Сол кезде "Рымбаева, басыңа келеді. Немерелі болғанда түсінесің" дейтін.

    Олардың немересіне махаббаты өтірік деп ойлайтынмын.

    Жасың ұлғайған сайын ұрпағыңның жалғасы екенін түсінеді екенсің. Сүйіспеншілік, махаббат сол екен. Жылатқың келмейді. Немеренің бар жағдайын жасағың келеді. Жас отбасы болған соң балаларға көмектескім келеді. Кейде тәжірибесі жеткіліксіз болып жатады. Сол кезде қолдау білдіремін. Әке-шешесі қыдырып кеткенде, бала қарап қалам. Ендігі мақсатым немереме барлық күшімді, білімімді, тәрбиемді беру", - деді Роза Рымбаева.

    Айта кетейік, Роза Қуанышқызы биыл ақпан айында немерелі болды.

    "Бала қарап қалам": Роза Рымбаева құрдастарының немереге деген махаббаты өтірік деп ойлағанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.