jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Меломен" тобының әншісі қызына ән арнап, жылатып қойды (видео)

    Қайрат Мырзаханов қызымен
    Қайрат Мырзаханов қызымен. Скриншот: instagram.com/kairat_myrzahanov

    "Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов қызына арнап, ән жаздырған. Әкесінің өзіне арнаған әнін тыңдаған әншінің қызы көз жасына ерік берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеоны Қайрат Мырзаханов Instagram парақшасында бөлісті.

    "Сөздің шыны керек, бұлай болады деп ойламадым. Нәзік жүректі, ақ ботам сол. Сені жылатсам, кешірші", - деп жазды әнші.

    Видеодан әншінің қызына арнап жазған әнін тыңдатқан сәтті көруге болады.

    Әншінің қызы әннің "Әкесінен аумай қалған балдай қызым, Сенің күлген кезің, қандай ғажап сезім" деген тұсын естігенде, жылап қалады.

    Видеода әнші қызын жұбатып, "Қойшы, жылатпашы мені" дейді.

    Желі қолданушылары бұл видеоны көріп, көзіне жас алғанын жасырмады.

    "Мен неге жылап отырмын", "Керемет көрініс", "Көп қыздар көрмеген махаббат", "Отбасыңыз аман болсын", "Бақытты болыңыз", - деп жазды.

    "Меломен" тобының әншісі қызына ән арнап, жылатып қойды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.