Актер Айдар Асқарбек бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайыммен қайта қосыла ма
Жарияланған күні:

Актер Айдар Асқарбек пен актриса Жарқынай Ханайымның ортақ қызы бар. Өнер иесі Taboo бағдарламасында бұрынғы әйеліне қайта қосылуға қатысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушісі Айдар Асқарбектен "Бәрі сонда бітті ме? Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сонда сен осы кітапты жауып тастадың ба? Жарқынай екеуің сөйлесіп көрмедіңдер ме? Қосылу деген ой жоқ па?" деп сұрады.
Ал актер бұл шешімді бір күнде қабылдамағандарын айтты.
"Ондай ой болды. Бір күнде шешілген әңгіме емес. Бірнеше айға созылған әңгіме. Ол кезде махаббат жалындап тұрған кез. Қызымыз енді дүниеге келген уақыт. Ер басыммен маған қиын болғанын мойындаймын.
Осы бағдарламаны пайдалана отырып, ер адамдарға "Мүмкіндіктерің болса, ажырасуға жол бермеңдер" деймін. Рас айтамын, өте қиын жағдай. "Кім ажыраспай жатыр" деген қате түсінік. Ер адам да, әйел адам да ажырасуға жол бермеуі керек", - деді актер.
Сонымен қатар актер ажырасу жайлы шешімнен кейін жанұясы мен жақындарының өзіне ренжігенін де жеткізді.
"Барлық жақтан түсініспеушілік болды. Өзімнің жанұям, тәтелерім, бауырларым, ағаларым мені түсінген жоқ. Бәрі ренжіді. Сөйлеспей қойды. Не үшін ажырасқанымызды әлі күнге білмейді. Ол тек Жарқынай екеуіміздің арамыздағы жағдай. Осы шешімді 100 пайыз қабылдадым", - деді Айдар Асқарбек.
Еске сала кетейік, Айдар Асқарбек актерлікке келмес бұрын тергеуші болғанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2043096-akter-aidar-asqarbek-buryngy-aieli-zarqynai-xanaiymmen-qaita-qosyla-ma/