jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Роза Әлқожа: Мама деген сөзді айтып көрген емеспін

    Роза Әлқожа
    Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

    Қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Әлқожа балалық шағын еске алып, басынан өткен қызықтарын айтып берді. Атасының тәрбиесін көріп өскен өнер иесі кішкентай кезінде ер адамның тірлігін көп жасап, ер мінезді болып кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Роза Әлқожаның айтуынша, ол нағыз атасының қызы болған. Әнші тіпті "мама" деген сөзді айтып көрмеген екен.

    Қара шаңырақта өскен өнер иесі ағасының інісі секілді болып кеткенін алға тартты. Ол ағасынан қалыспай, барлық қара жұмысты жасай берген.

    "Шынымды айтсам, мен кішкентай кезімде мама деген сөзді айтып көрген емеспін. Кейін күйеуге шықққан кезде өзімнің енемді, екінші анамды "мама" дедім. Оған дейін мама деген сөз маған қызық естілетін. "Ата мен аға" деген сөзбен өстім. Балалық шақ деген кезде маған бірден атам елестейді. Атам қойға барғанда алдынан жүгіріп шығамын. Немересі болған соң тәтті шығармын. Сол кезде үнемі бірге жүретінбіз. Апам да болды ғой. Бірақ, көбіне көз алдыма атам елестейді. Еркелетіп өсірді. Түскі он екіге дейін ұйықтайтынмын. Атам үстіме шыбын қонбасын деп, ұйқымды күзетіп отыратын.

    Ер мінезді болуыма да әсер еткен секілді. Қара шаңырақта өскен соң, ағамның інісі секілді өстім. Атқа мінемін, қораның жұмыстарын жасаймын. Ер адамның тірлігін көп жасадым. Ағам өте қатал болды. Қаладан келетін "ақ саусақ жиендерімізді" ұнатпайтын. Біз мықты болуымыз керек. Біз қауын-қарбыз егеміз. Әбден тірлікке піскен қыз болдым. Ер адамдар тәрбиелегеннен кейін, мен әйел затының көп нәрселерін түсінбей жүрдім. Кейін тұрмысқа шығып, ана атанғаннан кейін үйрене бастадым", - деп ағынан жарылды Роза Әлқожа "Мархабат" бағдарламасына берген сұхбатында.

    Роза Әлқожа: Мама деген сөзді айтып көрген емеспін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.