jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Шаршадым": Балжан Бидаш желіде жылаған видеосын жариялап, жан сырын ақтарды

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

    Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде жылап жатқан видеосын жариялап, көпшілікке жан сырын ақтарды. Некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі басынан қиын кезең өткеріп жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаштың Instagram желісінде бөліскен видеосы елді алаңдатты. Бейнежазбада әртістің жылап жатқанын көруге болады. Ол қаншалықты мықты болса да, өзін сүйреп шаршағанын айтты.

    "Мен осы уақытқа дейін сіздерге ашылып, қиналған эмоциямды көрсеткен емеспін. Қанша мықты болсам да, өзімді сүйреп шаршадым. Сенің тағдырыңда болып жатқан жағымсыз құбылыстарға біреудің кінәсі жоқ. Ол өзіңнің таңдауың. Бәрі жаратқан иеміздің жоспары", - деп жазды әнші.

    Сондай-ақ, өнер иесі өзі үшін алаңдап, қолдау білдіріп жатқан көпшілікке алғысын айтты.

    "Хаттарыңызды оқыдым. Уайымдамаңыздар, өздеріңіз айтпақшы уақыт бәріне емші. Қолдауларыңызға рахмет. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін", - деп жазды ол.

    Балжан Бидаш қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа ұшып кетті.

    "Шаршадым": Балжан Бидаш желіде жылаған видеосын жариялап, жан сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.