jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Тіл табыса алмадық": Бауыржан Сатов өгей әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

    Бауыржан Сатов сұхбат беруде
    Бауыржан Сатов сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Urpaq Podcast

    Отандық танымал жүргізуші әрі актер Бауыржан Сатов өз отбасы жайлы сөз қозғап, өгей әкесімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты. Өнер иесінің туған әкесі дүниеден өткен соң, анасы екінші мәрте тұрмысқа шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бауыржан Сатов анасының таңдауын қабылдай алмағанын жасырмады. Ол өгей әкесімен жақын бола алмай, ақырында тіл табыса алмай кеткен.

    Әртістің өгей әкесі бірнеше жыл бұрын өмірден өткен.

    "Әкем қайтқан соң, анам тағы да тұрмысқа шықты. Қарындасым дүниеге келді. Ол кісімен де жақын болмадым. Өгей әкем ғой. Қабылдай алмадым. Ол кезде он жастамын. Анамды қызғандым. Басында қызғаныш сезімі болды. Өгей әкем өзі қатал кісі болды. Мейірімін көрсете алмады ма, әлде мен көре алмадым ба? Білмеймін. Әйтеуір бір-бірімізбен тіл табыса алмадық.

    Сол бойы тіл табыса алмай кеттік. Ол кісі де бірнеше жыл бұрын қайтып кетті. Маған ер адамның қамқорлығы жетіспеді. Бір нәрсе болса, келіп ақылдасатын адамым болмады. Өгей әкем ондай бола алмады. Біз сөйлесе алмадық. Сөйлеспейтінбіз. Өзі салқын кісі болды. Тіпті дастархан үстінде әңгімелеспейтін едік. Бұл өгей үшін де екінші неке болды", - деді ол Urpaq подкастына берген сұхбатында.

    "Тіл табыса алмадық": Бауыржан Сатов өгей әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.