jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қателік менен болды": Бауыржан Сатов сәтсіз аяқталған некесі жайлы айтты

    Бауыржан Сатов сұхбат беруде
    Бауыржан Сатов сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Urpaq Podcast

    Қазақстандық жүргізуші әрі актер Бауыржан Сатов сәтсіз аяқталған некесі жайлы жан сырын ақтарып, бірінші келіншегімен не себепті ажырасып кеткенін айтты. Өнер иесі бұл жағдайда бірінші кезекті өзін кінәлі сезінеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бауыржан Сатов бірінші келіншегімен сүйіп қосылғанымен, кейіннен жас жұбайлардың мінездері жараспай қалған. Ұрыс-керістер жалғаса бергеннен соң, олар ажырасуды жөн көрген.

    Алайда, актер бірінші некесінде көп қателіктер жібергенін мойындады.

    "Сүйіп үйлендім. Бір жылдан астам уақыт бірге тұрдық. Мінезіміз жараспады. Үйленер алдында байқалмады. Мінез тұрған кезде махаббатқа орын жоқ деп ойлаймын. Бұл тағдыр. Солай болу керек. Отбасылық өмірім мен күткендей болмады. Бәрі жақсы болады деп ойладым. Бір нәрсені күтесің. Бірақ, ойдағыдай шықпаған кезде көңілің қалады. Ешкім ажырасамын деп үйленбейді ғой. Бізде үрыс-керістер жиілеп кетті.

    Бірінші кезекте мен кінәлімін. Қателіктер менен болды. Жауапкершілікті сезіне алмадым. Бірге тұрған бір жылдың жартысын мен сапарда болдым. Жұмыс бабымен Қазақстанды аралап кеттім. Қызғаныш та болды. Менде отбасыдағы ер азаматтың формуласы болмады. Мен әкесіз өстім. Сол үшін баланың толыққанды отбасыда өскені өте маңызды. Ажырасу қиын дүние. Кім үшін болса да қиын. Мен бұл жағдайды қабылдадым. Қателіктерді ескердім" , - деді ол Urpaq подкастында.

    Айта кетейік, ажырасқаннан кейін араға екі жыл салып, Сатов әнші Альбина Шардаровамен шаңырақ көтерді. Жұлдызды жұп қазіргі уақытта екі қыз тәрбиелеп отыр.

    "Қателік менен болды": Бауыржан Сатов сәтсіз аяқталған некесі жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.