jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Төреғалидің қарындасы Алматыдан пәтер сатып алып, қоныстой жасады (видео)

    Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
    Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Фото: Instagram/farizatoreali

    Жақында ғана Астанадан баспаналы болған Фариза Төреәлі мен күйеуі Дархан Нортаев енді Алматы қаласынан пәтер сатып алды. Ерлі-зайыпты бұл жылжымайтын мүлік ойламаған жерден бұйырғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фариза мен Дархан бұл қуанышты жаңалығын Instagram желісінде бөліскен. Ерлі-зайыпты жаңа пәтерін көрсетуге асығып, жақындарына кішігірім қоныстойын жасаған.

    "Ойламаған жерден үй алып, ойламаған жерден қоныстой жасап жатырмыз. Негізі Астанадағы үйімізде қоныс той жасаймыз деп жүргенбіз. Әлі кілтін де алмадық. Солай армандап жүргенде аяқ асты Алматыдан үй бұйырып тұр екен. Негізі мүлдем Алматыда тұрмаймын дейтінмін. Енді Алла қалауымен осы қаладан да баспаналы болып жатырмыз", - деді Нортаев.

    Оларды алғашқылардың бірі болып Төлепов әулеті келіп құттықтаған. Фариза Төреәлінің ата-анасы мен аға-жеңгесі жаңа пәтерге шашу шашып, жастарға ақ тілегін айтты. Блогердің отбасы ерлі-зайыптыға қомақты сомада көрімдік табыстады.

    Оған қоса қоныс тойда Фаризаның туған қарындасы Дина Төреәлі мен оның күйеуі Ернар Мұсабай да болған. Жас жұбайлар да пәтер иелеріне қаржылай көрімдік берді.

    Төреғалидің қарындасы Алматыдан пәтер сатып алып, қоныстой жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.