Актриса Жәния Джуринская екінші сәбиіне ерекше стильде гендер-пати өткізді (видео)
Жарияланған күні:

Актриса Жәния Джуринская жақында екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлаған болатын. Өнер иесі ерекше стильде гендер-пати өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайлы актриса Instagram парақшасында айтты.
"Ұлттық стильде гендер-пати өткіздік. Құттықтауларыңыз қабылданады. Біз сені күтеміз, күнім", - деп жазды Джуринская.
Видеода актрисаның отбасы ұлттық киім киіп, сандық ішінде жатқан зат арқылы болашақ сәбидің жынысын білгенін байқауға болады.
Видеода егер асық шықса - ұл, сырға шықса - қыз екені айтылады.
Гендер-пати барысында ұйымдастырушылар сандық ішінен асық алып шығады.

Желі қолданушылары Жәния Джуринскаяның отбасындағы қуанышқа ортастасып, жылы лебіз білдірді.
"Құттықтаймыз", "Аман-есен босанып алыңыз", "Мен неге жылап отырмын", "Керемет", - деп пікір қалдырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2045776-aktrisa-zaniya-dzurinskaya-ekinsi-sabiine-erekse-stilde-gender-pati-otkizdi-video/