jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Биыл шаңырақ көтерген Нұрболат Қанай әйелін туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

    Нұрболат Қанай жұбайымен
    Нұрболат Қанай жұбайымен. Фото: instagram.com/izimov_studio

    Көпшілікке Qanay лақап атымен танылған Нұрболат Қанай биыл отбасы құрған болатын. Өнер иесі жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Шыны керек, не сатып аларымды білмедім. Себебі, бұлай ешкімді құттықтамаппын. Туған күніңмен, жүрек! Аллаға шүкір! Тіл-көзден сақтасын! Саған тек бақыт, қуаныш, өмірдің барлық жақсылығын тілеймін.

    Соңғы демім біткенше жаңындамын! Сенің Геркулесіңмін ғой", - деп жазды Нұрболат Қанай.

    Видеодан әншінің жұбайын туған күнімен құттықтау үшін арнайы бірнеше сыйлық пен құшақ толы гүл алғанын байқауға болады.

    Осыдан соң Нұрболат Қанай достарымен жиналып, келіншегіне тосынсый жасайды.

    Айта кетейік, биыл маусымда Нұрболат Қанай жетісайлық арумен мұсылманша неке қидырды.

    Биыл шаңырақ көтерген Нұрболат Қанай әйелін туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.