jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бәрі өзгерді": Мадина Сәдуақасова өміріндегі тың жаңалығын бөлісті

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram / @sadvakasovamadina

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова өмірінде болып жатқан өзгерісі жайлы айтты. 27 жыл бойы өзі жалғыз еңбек етіп келе жатқан әнші енді продюсермен жұмыс істейтін болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Сәдуақасова тың жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Жақында шығармашылық тобын толығымен ауыстырған әртіс енді тағы бір өзгеріске бел буған.

    "27 жыл бойы өнерде продюсерсіз жұмыс істеп келдім. Енді бәрі өзгерді. Менде енді продюсер бар. Оның аты - Ілияс. Небәрі 25 жаста болса да, көптеген жобада, музыкалық арнада жұмыс істеген. Ал енді сәттілік бізге. Жұмысымыз студиядан басталды", - деп жазды Сәдуақасова.

    Мадина Сәдуақасованың Stories-i
    Мадина Сәдуақасованың Stories-i. Скриншот: Instagram/sadvakasovamadina

    Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова желіде жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Әнші екі адамға ғашық болу тақырыбын қозғаған болатын.

    "Бәрі өзгерді": Мадина Сәдуақасова өміріндегі тың жаңалығын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.