jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова Кипр аралына демалысқа ұшып кетті (видео)

    Гүлзира Айдарбекова
    Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Жақында ғана кенже ұлын үйлендіріп, дүркірете той жасаған Гүлзира Айдарбекова енді өзіне демалыс жариялады. Белгілі продюсер құрбыларымен бірге Кипр аралына ұшып кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Гүлзира Айдарбекованың шетелге ұшып кеткені жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Қайрат Нұртастың анасы өз парақшасында демалысқа кетіп бара жатқан сәтінен видео жариялады.

    Шетел көп аралайтын продюсердің таңдауы бұл жолы Кипр аралына түскен. Ол кезекті демалысына құрбысымен бірге барған.

    Сондай-ақ Кипр аралында Айдарбекова қызық жағдайға тап болған. Әуежайдағы құжаттарды тексеру кезінде жергілікті қызметкерлер Қайрат Нұртастың анасын танып қойған. Продюсер қызықты жайттың видеосын да оқырмандарымен бөлісті.

    Айта кетейік, өткен аптада Айдарбековтердің әулетінде дүбірлі той өтті. Үйдің кенжесі Заңғар Нұртас екінші рет шаңырақ көтерді.

    Ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова Кипр аралына демалысқа ұшып кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.