jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қайрат Нұртас кенже ұлын туған күнімен құттықтап барды (видео)

    Қайрат Нұртас ұлымен
    Қайрат Нұртас ұлымен. Фото: instagram.com/kair_n

    Әнші Қайрат Нұртастың кенже ұлы биыл 9 жасқа толған. Хитмен баласы Ханды туған күнімен құттықтап барған сәтті Instagram парақшасында көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Тоймаймын қарай берсем қылығына, Ойлаймын, ойдың кіріп тұнығына. Хан ұлым, дүниеге келген күні. Құтты болсын, тілерім, құлыныма...", - деп жазды Қайрат Нұртас.

    Видеода Қайрат Нұртас пен Аян Нұртастың Ханды туған күнімен құттықтап келгенін байқауға болады.

    Айта кетейік, осыған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының 9 жасқа толғанын айтқан болатын.

    Ал желі қолданушылары Қайрат Нұртастың видеосын қызу талқыға салып, түрлі пікір білдірді.

    "Туған күні құтты болсын", "Балаларыңызды біраз уақыт көрмеген сияқтысыз", "Балаларыңның қызығын көр", "Балалар әкесін сағыныпты", "Бала ата-анасымен бақытты деген осы ғой", - деп жазды желідегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.