jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Халық ажыратып жіберетін сияқты": Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғардың жаңа келіншегі жайлы айтты

    Гүлзира Айдарбекова келінімен
    Гүлзира Айдарбекова келінімен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Продюсер Гүлзира Айдарбекова жақында үшінші ұлы Заңғарды қайта үйлендірді. Заңғар Нұртастың анасы "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында жаңа келіні Индира жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Барлығы ойдағыдай болып жатыр, шүкір. Келін әйтеуір күліп тұрады. Сонысына ризамыз. Әлі оның оңды-солды мінезін білмеймін. Бірақ жан-жағындағы таныстардан сұрағанда "Өте тәрбиелі отбасы", "Өте жақсы қыз" дегенді естідім. Ешкімнен бір жаман сөз естімедім.

    "Қыздары жаман емес" деп жатады. Уақыт өте көреміз. Мақтауға да қорқып қалдық қой. Ешнәрсеге сенбей қалады екенсің. Біржола ма екен жоқ әлде мәңгілік пе екен деп қаласың. Бір видеосына "Өзімнің мәңгілік үйіме келдім" деп жазып қойыпты. Қуанып қалдым. Олардың да жоспары бар. Ешкімді жолынан ұстамаймын", - деді Гүлзира Айдарбекова.

    Cонымен қатар Заңғардың анасы ұлының жаңа келіншегіне де халық тыныштық бермей жатқанын айтты.

    "Мына келінге де халық тыныштық бермей жатыр. "Қу сияқтысың ғой" деп оның да көңіліне жайсыздық сыйлап жатыр. Елдің сөзінің қажеті жоқ сияқты. Енесі емес, халық ажыратып жіберетін сияқты. Мен емес, енесі халық болып тұр", - деді Гүлзира Айдарбекова.

    Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекова ұлы Заңғар мен келіні Индираның шетелге көшетінін мәлім етті.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайраттың әйелі Жұлдыз жайлы айтты.

    "Халық ажыратып жіберетін сияқты": Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғардың жаңа келіншегі жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.