jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ешкімді жолатпайды": Ерке Есмахан күйеуі мен ұлының суретін жариялады (фото)

    Ерке Есмахан мен Раим
    Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан күйеуі Raim-ның қандай әке екенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, жұлдызды әке баласын өзі бағып, оған ешкімді жолатпайды екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бірер күн бұрын ғана екінші перзентін босанған Ерке Есмахан бүгінде күйеуі әкелік қызметін қалай атқарып жатқанын айтты.

    Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында жолдасы мен ұлының суретін жариялап, елді сүйсіндірді.

    "Бөпені еркелетіп, бағып, қасына ешкімді жолатпай, көтеріп қолға үйретіп дүрген кім екенін байқаған шығарсыздар. Қызықтар алда бұйыртса, өзі көре жатар", - деп жазды әнші.

    Әнші Raim ұлымен
    Әнші Raim ұлымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Айта кетейік, 23 қарашада Ерке Есмахан мен Raim-ның тұңғышы дүниеге келген болатын.

    Әнші ару босанғаннан кейін желіде әсерін бөлісіп, құттықтап жатқан көпшілікке алғысын айтқан еді.

    "Ешкімді жолатпайды": Ерке Есмахан күйеуі мен ұлының суретін жариялады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.