jitsu gif
Шоубиз

    "Ақиқаты сол": Төреғалидің келіншегі оның екінші әйел аламын дегеніне қатысты пікір білдірді

    Төреғали Төреәлі мен жұбайы Толқын
    Төреғали Төреәлі мен жұбайы Толқын. Фото: instagram.com/toregalitoreali

    Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі соңғы сұхбаттарының бірінде екінші әйел алуға ниеті бар екенін айтты. Әртістің бұл мәлемдемесі желіде қызу талқы тудырып, кейбір оқырмандарға жақпай қалған. Бұл тұрғыда өнер иесінің заңды әйелі Толқын Тұрарбекқызы не ойлайтынын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

    Төреғалидің келіншегі шу тудырған күйеуінің сұхбатынан кейін Instagram парақшасында пікір білдірді. Ол жолдасының екінші әйел алуына қатысты қандай көзқараста екенін ашық айтты.

    "Біріншіден, тағдырыма екінші әйел алу жазылған болса, аламын, жазылмаған болса, алмаймын деді. Екіншіден, екінші әйел алатын болса, менен сұрамайды. Міндетті емес. Сондықтан қарсымын ба жоқ па айта алмаймын. Иә, ауыр мүмкін, бірақ ақиқаты сол", - деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

    Толқын Тұрарбекқызының Stories-i
    Толқын Тұрарбекқызының Stories-i. Скриншот: Instagram/tolkynturarbekkyzy

    Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің екінші әйел алуға ниетті екенін жазған болатынбыз. Өнер иесі тағдырына жазылса, мың адам қарсы болса да бұл ойын іске асыратынын жеткізді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.