jitsu gif
Шоубиз

    Айжұлдыз Адайбекова: Біліміме 30 млн теңге жұмсадым

    Айжұлдыз Адайбекова
    Айжұлдыз Адайбекова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

    Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова бүгінде өзін дамытып, барынша көп білім алуға тырысатынын айтты. Өнер иесі соңғы рет білімін арттыру үшін 30 млн теңге жұмсаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Айжұлдыз Адайбекова бұл туралы "Қызық Times" бағдарламасында айтып берді. Актриса қазіргі уақытта байлыққа емес, білім алуға талпыну керек деп есептейді. Сөзінше, білімді адамдар жерде қалмайды.

    "Мен өте көп оқимын, ізденемін. Соңғы рет біліміме 30 млн теңге жұмсадым. Біреуге бренд сөмкелер, қымбат киімдер керек шығар. Бірақ мен үшін ол түк емес. Маған үстімдегі киімнің бренд болуы маңызды емес. Маған бәрібір. Адам білім ізденуден шаршамау керек, талпыну керек. Бұл өте маңызды. Себебі білімі бар адам жерде қалмайды.

    Өзің сапалы білім алған сайын, саған сондай орта келеді. Сондай ортамен өскен анағұрлым тез болады. Ондай адамдарда атақ, байлық бәрі екінші орында. Ол өзі-ақ келеді. Бұл өмір қиын емес. Шектеумен қиындататын өзіміз. Мен коуч ретінде курстар сатамын. Дизайнерлік бойынша да курстар жүргізіп, жақсы ақша таптым. Жалпы ойымдағы заттарды үндемей жасап жүрген адаммын ғой", - деді Адайбекова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.