"Ақшаны әйелім ұстайды": актер Жүсіп Ақшора карточкасында қанша қаражат барын айтты (видео)
Жарияланған күні:

Танымал қазақстандық актер Жүсіп Ақшора банк карточкасы мен ақшасын әйелі ұстайтынын айтты. Өнер иесі қолма-қол қаражатпен жүретінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видео jakeenty парақшасында жарияланды.
"Карточкамда 150 мың теңге бар. Бірақ карточка үйде қалып кетті, әйелімде. Алып қояды ғой. Маған бермейді. Маған қолма-қол 20-30 мың теңге шешіп береді. Айлық та, басқасы да соған түседі.
Әйелім қуанып отырады. Әйтпесе, ауырып қалады. Сол ауырмасын деп, карточкамды беріп қойдым", - деді Жүсіп Ақшора.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2047910-aqsany-aielim-ustaidy-akter-zusip-aqsora-kartockasynda-qansa-qarazat-baryn-aitty-video/